Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Демалыс күндері астаналық полицейлер 26 мас жүргізушіні анықтады

Екі күндік демалыста астаналық полицейлер масаң күйде көлік тізгіндеген 26 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері көлік құралдарын мас күйінде басқарған жүргізушілерді анықтады.

“Мас жүргізуші – қылмыскер!” жергілікті рейдтік шарасының екі күнінде Астана қаласында 56 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Мас күйін анықтау үшін медициналық тексеруден өткізуге 33 жүргізуші медициналық мекемеге жеткізіліп, оның ішінде 26 жүргізушінің мас болу дәрежесі анықталды.

Тексеруден өтуден бас тартқаны үшін бір жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ рейд барысында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған үш жүргізуші ұсталып, тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Екі күнде 34 көлік коммуналдық тұраққа қойылған. Ескерте кетсек, заңға сәйкес аталған құқық бұзушылықты жасаған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылатынын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру