Биыл Қызылорда облысында 600-ден астам мас жүргізуші ұсталды
Қызылордада жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 600-ден астам жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада жыл басынан мас күйде рөлге отырған 600-ден астам жүргізуші ұсталып, тиісті жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген. Көлік басқару құқығы жоқ көлік жүргізушісі автокөлікке қайтадан масаң күйде отырғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабына сәйкес жаза қарастырылған.
Мәселен, 12 қараша күні сағат 10:30 шамасында, Ақай ауылдық округінде Opel Astra автокөлігін 39 жастағы жүргізуші масаң күйде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы дер кезінде ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен хаттама ресімделді. Соттың шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылды.
Полиция қызметкерлері Заң мен тәртіпті сақтауға шақырады. Жол – қателікті кешірмейді.