Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл ШҚО-да қабылдап-тарату бөліміне 300-ден астам адам жеткізілді

Қалалық полицейлер мен “Әлеуметтік патруль” мобильді қызметінің мамандары тұрғылықты мекенжайы белгісіз тұлғаларды аяздан құтқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының суытуына байланысты облыс орталығының полицейлері Өскемен қаласы әкімдігінің “Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған қайта әлеуметтендіру орталығы” КММ мамандарымен бірлесіп, тұрғылықты мекенжайы белгісіз тұлғаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізді.

Мұндай рейдтердің ең көп тараған орындары жылу трассалары, жылы аялдамалар, люктер, онда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 30-дан астам адам анықталды. Жыл басынан бері қабылдап-тарату бөліміне барлығы 300-ден астам адам және Белоусовка кентінің бейімделу орталығына 70 адам жеткізілген.

Жеткізілетін барлық адамдардан міндетті түрде саусақ ізі алынап, тиісті профилактикалық есепке қойылады.

Сонымен қатар олардың қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы және олардың арасында хабар-ошарсыз жоғалған адамдардың тізімінде бар-жоғы тексеруден өтеді. Құжаттары жоқ адамдар қабылдап-тарату бөліміне, ал жеке басын куәландыратын құжаттары бар адамдар Белоусовка кентінің бейімделу орталығына барады, онда оларға қажетті әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру