Биыл СҚО-да жеке күзет құрамаларының қызметкерлері 6 қылмысты ашуға көмектесті
Жыл басынан бері СҚО-дағы жеке күзет құрамаларының қызметкерлері 6 қылмысты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан аумағында жалпы саны 1700-ден асатын 73 жеке күзет құралымы жұмыс істейді. Жыл басынан бері олармен қорғалатын объектілерде 6 қылмыстың ашылуына ықпал етілді. Сонымен қатар олар 43 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, ішкі істер органдарына 72 адамды жеткізді. Бұл полицияның өзге біреудің мүлкін ұрлауға қарсы тұру және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жұмысына айтарлықтай көмек тигізді.
Аталған ұйымдардың қызметіне облыстық полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімі жетекшілік етеді. КҚББ қызметкерлері заңнама талаптарының сақталуын үнемі тексеріп отырады, бірлескен жаттығулар өткізеді.
Сондай-ақ қызметкерлер күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өтініш «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы беріледі. Лицензия алу тәртібі туралы түсіндірмені Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан табуға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7152) 61-26-23, 61-26-36, 61-26-71.