Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда граффити жазулары арқылы есірткіні жарнамалаған күдікті анықталды

Жезқазғанда граффити жазулары арқылы есірткіні жарнамалаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасын орналастырды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті граффити салу арқылы оңай табыс табуды жоспарлаған.
Полицейлер соңғы екі айда күдіктінің қаланың әртүрлі нүктелерінде, соның ішінде үйлерде және басқа да үй-жайларда интернет-дүкендердің жарнамасын орналастырғаны анықталды.

Полиция осы қылмыстық схемада барлық қатысушылар мен байланыстарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру