Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл СҚО полицейлері жол инфрақұрылымының 4 мыңнан астам ақауын анықтады

Биыл СҚО полицейлері жол инфрақұрылымының 4 мыңнан астам ақауын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автожолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі өзекті мәселелер Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіндегі жұмыс кездесуінің тақырыбы болды. Оған облыстық әкімдіктің, жол қызметтері мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуден және жол белгілерін орнатудан басқа, тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алудың техникалық құралдарын қолдану тақырыбын көтерді. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұловтың бастамасымен жолдардың қауіпті учаскелерінде автокөлік жүргізушілерінің назарын аударатын күн батареяларында стробоскоптардың және елді мекендердің аумағы арқылы өтетін учаскелерде жүргізушіге оның жылдамдығы туралы хабарлайтын профилактикалық жылдамдық өлшегіштерді орнату мәселесі пысықталды.

Кездесудің тағы бір маңызды сәті қысқы кезеңге алдын ала дайындық болды. Мүдделі ұйымдарға жаз бойы жол техникасы мен өзекті көктайғаққа қарсы материалдардың қажетті мөлшерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.

– Биылғы жылдың 5 айында полиция қызметкерлері жол және коммуналдық органдардың өкілдерімен бірлесіп 12 мың шақырымға жуық автожолдарда 1215 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 4211 ақау анықталды, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 975 нұсқама берілді, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру