“Біз есірткіге қарсымыз”: Қызылорда жастары челленджге қатысты
Қызылорда жастары есірткіге қарсы ұйымдастырылған челленджге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының оқушылары мен студенттері “Есірткі – зұлым!” ұранымен, #бізесірткігеқарсымыз #мыпротивнаркотиков хештегтерін пайдаланып, Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған челленджге қатысты.
Жас ұрпақ дайындаған видеолары арқылы қоғамға зиян келтіретін осы құбылысқа теріс көзқарастарын білдіріп, құрдастарын оның ықпалына берілмеуге, осылайша өз өмірін бақытты етуге шақырды.
Үздік деп танылғандар: Мейірім Құдайберген – Сырдария ауданы №42 мектеп-лицей оқушысы. Гайния Ержанбекқызы – Шиелі ауданы №127 мектеп-лицей оқушысы. Әбілмансұр Хамит –
Қызылорда қаласы №15 мектеп-лицей оқушысы. Құдайберген Шайхов – Арал ауданы №220 орта мектеп оқушысы.