Блок-бекеттердегі полицейлердің еңбегі Алматы облысы басшылығы тарапынан жоғары бағаланды
Алматы облысындағы блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марпаттарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай кезіндегі және облыс аумағындағы ерекше жағдайдағы өте жақсы қызметі мен блок-бекеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткені үшін Алматы облысының 120-ға жуық тәртіп сақшысы облыс әкімінің және Полиция департаменті басшысының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Полицейлерге марапаттарды тапсыруға арналған салтанатты шараға облыс орталығының әкімі мен Алматы облысы ПД басшылығы қатысты.
Қиын шақтағы полицейлердің өлшеусіз еңбегін облыс басшылығы жоғары бағалады. Төтенше жағдай кезіндегі жақсы жұмысы мен табандылығы және кәсіби біліктілігі үшін тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, тұрғындардың санитарлық талаптарды қатаң сақтауына, өңірде індеттің жаппай таралуының алдын алуға қосқан үлесі атап өтілді. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының алдына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстармен күрес бойынша жаңа міндеттер қойылды.