Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлер марапатталды

Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында орналасқан №5 блок-бекетінде карантин кезіндегі ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстауда төтенше жағдай кезінде 11 блок-бекеті және бес жылжымалы бекет тәулік бойы жұмыс істеді.

Инфекцияның таралуын болдырмауға белсенді көмек көрсеткен және вирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда болған полиция қызметкерлеріне құрмет грамоталар Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевтың өзі табыстады.

Бірқатар қызметкер өз міндеттерін адал атқарғаны және коронавирустық инфекциямен күресу шараларына қатысқаны үшін басшылықтан алғыс хат алды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Маңғыстау облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімшесінің басшысы Серік Молбаев жылдам қимылдайтын арнайы жасағы 1-взводының аға инспекторы Сәбит Халбаев, тылмен қамтамасыз ету басқармасы ғимарат күзету взводының командирі Мерей Бименов,  тылмен қамтамасыз ету басқармасы қару-жарақ қоймасының меңгерушісі Сәкен Апақаев, Жаңаөзен қаласы ПБ Кадр саясаты бөлімшесінің басшысы  Джайлыбаев Марғұлан мақтау қағаздарымен марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің алғыс хаттарымен Маңғыстау облысы ПД жедел криминалистика басқармасының криминалисті Бекжан Тұрғанбеков, ақпарат және байланыс басқармасының инженері Нұрберген Жасұлан, әкімшілік полиция басқармасы Айдауыл қызметі ротасының полицейі Барат Мырзаш, Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы Ержан Қызылғұл, кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы Ержан Бекболов марапатталды.

Полиция департаменті басшысының бұйрығымен грамотамен Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ақылбек Қаниев, Қарақия ауданы ПБ жергілікті полиция қызметін бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Асқар Оразбеков, сонымен қатар алғыс хатпен Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының полицейі Әбіш Тайманов, Қарақия ауданы ПБ кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі Ақылбек Нұрмағамбетов марапатталды.

– Сізге адал қызмет еткеніңіз үшін және карантин режимі кезінде Маңғыстауда заңдылық пен қауіпсіздікке қосқан үлесіңіз үшін рахмет. Сіз жағдайды қадағалап, заң бұзушылықтардың алдын алу үшін кез-келген төтенше жағдайларға уақытылы жауапкершілікпен қарадыңыз. Сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз, кәсіби міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарау біздің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етсін, – деді Ж. Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру