Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер жалғызбасты көпбалалы әкеге көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері бес баласы бар жалғызбасты әкеге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көпбалалы аналар, тұрмысы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар полицей назарынан тыс қалған емес. Ал, Арыс аудандық полирция бөлімшесінің қызметкерлері бұл жолы бес баласы бар жалғыз басты әкенің үйіне барып, хал-жағдайын біліп қайтты.

Бұл отбасына тәртіп сақшылары бірінші кезекте қажетті азық-түлік пен киім-кешек тарту етті. Отбасының тірегі,  балалары полицейлерге өз алғысын білдірді.

“Көмек қолын созып, қайырымдылық жасаған аудандық полицейлерге ризамыз. Жұмыстарына табыс тілейміз, – дейді тұрғындар.

Бес бірдей баланы жалғыз өзі өсіріп отырған әкенің үлкені 14 жаста болса, кішісі үш жаста.

Түркістан облысының полицейлері әрдайым осылай  халыққа қорған, жәрдемші болуға  жұмыс жасай бермек.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру