Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Болашақ заңгерлер тергеу бөлімдерінде өндірістік тәжірибеден өтетін болады

Былтыр Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Ерлан Тұрғымбаев С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Меморандум аясында Тергеу Басқармасының басшылығы тергеу және анықтау бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеден өту мақсатында Мемлекеттік университет студенттерімен кездесті.

 

 

Тәжірибе кезіндегі студенттердің негізгі уақыты тергеу жұмыстарының дағдылары мен әдістерін дамытуға арналған. Бұл жұмыстарға практика жетекшісі басшылық етеді. Тағылымдамадан өту барысында студенттер тергеу жұмыстарын жүргізу дағдысымен танысып, оқиға болған жерді тексеру, қылмыс іздерін, заттай дәлелдемелерді зерттеу және жәбірленушілерден жауап алу сынды өндірістік қажеттіліктермен танысады. Сонымен қатар, тағылымдамадан өту кезінде басшылыққа алынатын тергеу және анықтау қызметін реттейтін ҚР ІІМ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерімен таныса алады.

-Диплом алды практикасы оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мен осы тәжірибелік жұмыстармен Павлодар облысының полиция басқармасында танысамын. Біз болашағымызды  тергеуші қызметімен байланыстырамыз. Мақсат айқын. Сондықтан, біз үшін құқық қолдану саласындағы барлық қажетті дағдылар, қабілеттілік пен біліктілік, тәжірибе жинау ауадай қажет, – деді ПМУ түлегі Нияз Мусин.

Айта кету керек,  тәжірибесі жоқ студент бітірушінің жұмысқа орналасу ықтималдығы төмен. Ал, өндірістік тәжірибеден өтіп, шыңдалған маман әрқашан сұраныста.  Болашақта тағылымдамадан өту кезінде олардың кәсіби шеберліктерін ескере отырып, ішкі істер органдары қызметіне қабылдау мәселесі шешілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру