Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бородулиха ауданының тұрғыны үйінде марихуана сақтаған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғыны үйінде марихуана сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бородулиха ауданы Ивановка ауылының 30 жастағы тұрғынынан полицейлер өзіне тән иісі бар, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат тапты.Тексеру барысында ер адамның тұрғын үйінде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны анықталды. Ауыл тұрғыны оны жеке пайдалану үшін сақтағанын айтқан.

Сараптама актісіне сәйкес бұл зат жалпы салмағы 1,35 грамм кептірілген марихуана болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру