Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жол ережесін бұзған 680 такси жүргізушісі жауапқа тартылды

Павлодарда жол ережесін бұзған 680 такси жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері “Такси” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Рейд нәтижелері көрсеткендей, таксомоторлық компаниялардың барлығы бірдей жолаушыларды қауіпсіз тасымалдаудың қарапайым талаптарын сақтамайды.

– Алты күн ішінде полиция қызметкерлері такси жүргізушілері тарапынан 680 бұзушылықты анықтады. Полицейлер айыппұлдардың көп бөлігін автомобиль пайдалануға тыйым салынған ақаулар болған жағдайда жолға шыққан 117 такси жүргізушісіне жазып берді. 87-сі міндетті техникалық байқаудан өтпеген, 51-і Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған, 32-сі тиісті рұқсатсыз көлік құралын қайта жабдықтаған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Рейд барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған алты такси жүргізушісі ұсталды. Тағы бірнеше жүргізуші жолда маневр жасау ережелерін елемеді, осылайша өздерін және жолаушыларды қауіпке душар етті. Мысалы, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін Павлодар қаласының бір көшесінде “Toyota Camry” маркалы автокөлік тоқтатылды. Жүргізуші бұрылыс сигналдарын берместен кездейсоқ қатарға қайта құрылды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБК 595-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айыппұл тұрағына 70 автокөлік орналастырылды, 34-інде мемлекеттік нөмірлер алынды. Сонымен қатар, такси жүргізушілерімен жол жүру ережелерін қатаң сақтау және олардың алкоголь мен есірткіні тұтынуына жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді, өйткені жүргізуші өзінің жолаушыларының өмірі мен денсаулығына жауапты екенін есте ұстауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру