Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Борышкер» ЖПІШ: Абай облысында айыппұл төлемеген жүргізушілерден 7 млн теңге өндірілді

11 наурызда Абай облысы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. ЖПІШ барысында айыппұл төлемеген жүргізушілерден 7 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура, әділет департаментінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қабылданған қаулыларды уақытылы орындау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Профилактикалық іс-шара шеңберінде әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде борышкер жүргізушілерден 7 млн теңге айыппұл өндірілді. Арнайы айып тұрағына 89 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ рейдтік іс-шаралар барысында көлік құралдарының тасқынында 300 мың теңге көлемінде өтелмеген әкімшілік айыппұлы бар Lada 2170 көлік құралының жүргізушісі анықталды. 300-ден астам тұлғаға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі туралы хабарланды.

Әкімшілік және патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулы түскен күннен бастап 30 тәуліктен кешіктірмей әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның айыппұл төлеуге міндетті екенін еске салады.

Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін Абай облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы салынған әкімшілік айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру