Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтелкелесіне пышақ сұғып алған өскемендік ұсталды

Бөтелкелесіне пышақ сұғып алған өскемендік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айының ортасында Өскемен қаласының ПБ-ға Назарбаев даңғылы бойында белгісіз ер адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орынына жеткен полицейлер даңғыл бойынша жатқан облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Ол «екі жағынан кеудеге жаншылып-кесілген жара, оң жақ тұсынан жаншылып-кесілген жара» диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері зардап шегушінің 48 жастағы танысын анықтап, ұстады.

Тергеу барысында сол күні кешке ер адамдар алкоголь ішкені белгілі болды, осы уақытта олар сөзге келіспей қалып, оның барысында күдікті қолына пышақ алып, жәбірленушіге дене жарақатын түсірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру