Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде BMW жүргізуші автобус аялдамасына кіріп кетті

Ақтөбеде әйел жүргізуші автобус аялдамасына кіріп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін түнде BMW автокөлігінің жүргізушісі 25 жастағы әйел әуежай жағынан Бөгенбай батыр даңғылымен келе жатып, №7 КДО-на қарама-қарсы ЖҚЕ бұзып, жол белгісін қағып, автобус аялдамасына кіріп кеткен.

ЖКО нәтижесінде жүргізуші Ақтөбе қаласының Медициналық жедел жәрдем ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру