Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО аумағында «Бекіре» акциясы жалғасып жатыр

Батыс Қазақстан облысы аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 сәуір күні өңірдің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Орал – Атырау тас жолында Lada 2111 автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында ұсақ тұқымды балық салынған тоғыз қап және бір пакет табылды. Одан бөлек 144 кг шортан, 46 кг мөңке және 44 кг сазан тәркіленді.

6 сәуір күні Атырау – Орал тас жолында Mitsubishi Delica автокөлігі тоқтатылып, оны тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ 204 кг ұсақ тұқымды балық табылып, тәркіленді.

7 сәуір күні Орал – Атырау тас жолында Volkswagen Sharan көлігі тоқтатылды. Автокөліктен 206 кг балық, резеңке қайық және ау табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру