БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық әйелдер күні – көктем мен әйелге деген ілтипат мерекесі. БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде ерлермен тең дәрежеде әйелдер қауымы да табысты еңбек етуде.
Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияда БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкер әйелдері мен ардагер әйелдердің қатысуымен салтанатты шара өтті.
Аталмыш шарада әйелдер қауымы департамент бастығының, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Орал қаласы әкімдігінің алғыс хаттарына ие болды.
Сонымен қатар, 10 нәзік жанды ішкі істер министрінің және қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының құқығымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы ұзақ мерзімді қызметі үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен А.Кенжалиева, Л. Ахметқалиева, С.Әлімбаева, А. Баймұханова I және II-ші дәрежелері марапаттарды иеленді.
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы А. Ізтілеуов аруларға тамаша мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт пен амандық тіледі.
Сондай-ақ, БҚО бойынша ҚАЖ департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Есенғалиев ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимыл жасағаны үшін БҚО бойынша ҚАЖ департаменті және бөлімшелердің кадр қызметкерлерін марапаттады.