БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері Ауған ардагерімен кездесті
БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері Ауған ардагерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша ҚАЖД № 2 Ақжайық аудандық пробация қызметі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының жергілікті тұрғыны Ауған соғысының ардагері Махамбет Искалиев 1984 жылдың 15 қазанынан 1987 жылдың 2 ақпанына дейін Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп, «радиоқұрылысының байланыстырушысы» болған.
Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангермен БҚО № 2 Ақжайық аудандық пробация инспекторлары кездесті. Олар ардагермен сұхбат жүргізіп, алғыстарын айтты.