БҚО-да алаяқ тұрғынның 14 млн теңгесін жымқырған
БҚО-да алаяқ тұрғынның 14 миллион теңгесін жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО-да 48 жастағы əйел полицияға көмек сұрап келді. Ол қарызға ақша беремін деп біршама қаржысынан айырылған. Сенімге кіріп, жалған жолмен пайда көрмек болған алаяқ оның 14 миллион теңгесін жымқырған.
БҚО ПД қызметкерлері 21 жастағы азаматты ұстады. Күдіктінің өзге қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.
Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жарты миллион теңгесінен айырылған оралдық тұрғын сан соғып қалды.
2020 жылдың қыркүйек айында 1968 жылғы азамат үйінде құрылыс жұмыстарын жүргіземін деп ақшасынан қағылды. Ақшасын қайтара алмаған ол алаяқтың оны алдап кеткенін түсініп, полицияның көмегіне жүгінді.
Арнайы қабылданған шаралар нəтижесінде полицейлер 41 жастағы əйелді ұстады. Ол жәбірленуші сеніміне кіріп, саты жасаймын деп алдап, 500 000 теңгесін қағып кеткен.
Алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.