Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер ерекше балаларға иппотерапия ұйымдастырды

1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының орталығындағы 10 ерекше балаға арнайы акция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күні БҚО Полиция департаменті мен өңірдің белсенді еріктілері бірлесіп, балаларды БҚО депутаттарының қолдауымен Орал қ. ПБ Патрульдік полиция батальонының кавалериялық взводында қарсы алып, иппотерапия өткізді. Бұл түліктің сондай-ақ ем болатынын алға тартқан ұйымдастырушылар, оның полиция қызметінде де пайдасына таныстырды. Балалар  кавалеристермен өздерін шабандоз ретінде сынап, атқа мініп, полицей жылқының өзгешелігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.

– Барлық бала өзін қоғамда қауіпсіз екенін сезінуі – біздің басты мақсат. Бүгінгі шара әрдайым ашық екенімізді, қолдау көрсетуге дайындығымызды көрсетеді. Балалар атқа мініп, иппотерапияны алды. Бұл «тірі тренажер» адамға биохимиялық әсер етіп, ағзасын нығайтады, – деп атап өтті БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов.


Шара аясында еріктілер балаларға ойын сауық бағдарламасы мен тәттілер ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру