Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Қарағандыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамырда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол қонақ үй кешендерінің бірінде екенін және біраз уақыт сөмкесін қараусыз қалдырған кезде, белгісіз біреу бөлмеге кіріп, оны ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, ұрланған сөмкеде ноутбук, қуаттағыш және USB-модем болған. Шығын мөлшері 315 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті – 25 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ұры өзінің алты күн бұрын жасаған екінші ұрлығын да мойындады. Қазіргі уақытта полиция оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру