Сауда үйінен ұрлық жасаған қарағандылық әйел анықталды
Сауда үйінен ұрлық жасаған қарағандылық әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 мамырда сауда үйлерінің бірінің өкілі Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне жүгініп, белгілі бір әйел сыртқы киім бөлімінен құны 30 мың теңгеден асатын күртешені ұрлап кеткені белгілі болды. Сатушы оның әрекетін байқап қалғанымен, ұры жасырынып үлгерген.
Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдікті – 43 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.