Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасын жапсырған ағайынды жігіттер ұсталды

БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі сататын интернет-дүкендердің жарнамасын жапсырумен айналысқан ағайынды жігіттерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақсай қаласының тұрғындары Бөрлі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласып, белгісіз екі жігіттің қандай да бір жарнаманы жапсырып жүргенін байқап, хабар береді.

Ақпарат түскен бойда ЖБО бейнебақылау камералары бойынша олардың қозғалыс бағыты анықталды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, екі жас жігітті қолға түсіреді. Жеке тексеру кезінде олардың біреуінен есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасы бар 52 жапсырма табылып, тәркіленді. Сондай-ақ ұсталған адамның телефонынан интернет-дүкеннің жарнамасы бар фото есептермен бірге хабарламалар табылды.

Ұсталған азаматтар Орал қаласында тұратын ағайындылар екені белгілі болды. Анықталғанындай үлкен ағасы Telegram желісі арқылы есірткі сататын интернет-дүкенге жұмысқа орналасқан және оған жарналамау қызметін жүргізу жүктелген.

Ол интернет-дүкеннің жарнамасы бар 800 жапсырмаға тапсырыс берген. Сол күні інісімен бірге Ақсай қаласына келеді. Жарнаманы Ақсай қаласындағы қоғамдық жерлерде жапсырған.

Үлкен ағасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру