Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облыстық ҚАЖД мен ЖОО басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады

Ақтөбе облыстық ҚАЖД мен ЖОО басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарын” іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 17-18 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы тобының бас маманы Р. Тулегенов Алматы қаласында іс-сапарда болды.

Ақтөбе облысы түзеу мекемелеріндегі теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру топтары инспекторларының бос лауазымдарын жинақтау мақсатында Алматы қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің және Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болып, дінтану, исламтану және теология мамандығы бойынша білім алған түлектермен кездесу ұйымдастырды.

Сонымен қатар ҚАЖ органдарына қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы кәсіптік бағдар берді. Шара барысында жоғарғы оқу орындарының басшылығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру