БҚО-да пробация есебіндегі сотталған жастардың қатысуымен бильярдтан турнир өтті
БҚО-да пробация есебіндегі сотталған жастардың қатысуымен бильярдтан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қаңтар күні Казталов аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Start» ойын клубының қолдауымен жастар арасында бильярдтан аудандық ашық турнир өтті.
Тартысты өткен сайысқа 18 қатысушы келіп, сайыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Сондай-ақ, сайысқа №1 Казталов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасына сотталған жастар да қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Д. есімді азамат II-орын иеленіп, сертификатқа және ақшалай сыйлыққа ие болды.