Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ҚАЖ қызметкерлері білім беру бағдарламасын жетілдіруді талқылады

БҚО-да ҚАЖ қызметкерлері білім беру бағдарламасын жетілдіруді талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16  ақпанда БҚО бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері тарих, экономика және  құқық, экономика және  менеджмент, туризм факультеттері өкілдері, сонымен қатар прокуратура, сот  орындаушы, «Мир путешествий» турагенттігінің және БҚО бойынша аймақтық электрожелілік компаниясының өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Осы кездесудің басты мақсаты – студенттерге білім беру бағдарламасын  жетілдіру. Кездесу  барысында заман талабына сай  білікті мамандарды  даярлауда  оқытушылар мен  жұмыс  берушілер  тарапынан ұсыныстар мен таңдау  пәндеріне жаңа курстарды қосу сияқты маңызды сұрақтар талқыланды. 

Аталған іс-шара БҚО бойынша ҚАЖД кадр саясаты тобының бас маманы А.Бердыкулова осындай құқық қорғау қызметі органдарындағы қызметкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен жасалатын жағдайлар туралы айтып, үміткерлерді қызметке орналасуға шоғырландыра алатындарын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру