БҚО-да рұқсатсыз сауда мен қоқыс тастау деректері анықталды
"Таза Қазақстан" акциясы аясында БҚО-да 8 600-ден астам құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылдың 15 сәуірінен бастап республика көлемінде бастау алған "Таза Қазақстан" акциясы бүгінде жалғасып келеді. Бұл бастама аясында Батыс Қазақстан облысында 67 мобильдік топ құрылып, ауқымды жұмыс атқарылуда.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары 8 641 әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеді. Оның ішінде:
680 дерек – рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасау;
4 487 дерек – қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, жасыл желектерді жою немесе зақымдау;
3 474 дерек – ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау.
Акцияның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Тазалық – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!