Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметі анықталды

БҚО-да шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заңсыз келуші" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.

Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтары ұсталды.

Аталған тұлғалардың барлығы — жақын шетелдерден келген және Қазақстан Республикасында болуға әрі жұмыс істеуге заңды негіздері болмаған.

Ұсталғандарға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, елден шығару шаралары қабылдануда.

Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тиісті құжаттарсыз жұмысқа тартқан жұмыс берушіге қатысты ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

Бұл бап бойынша 700 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Іс-шара басталғаннан бері облыс аумағында 517-бап бойынша 69 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін барлығы 1 614 шетелдік жауапқа тартылып, олардың 367-сі елден шығарылды. Сондай-ақ шетел азаматтарын уақытылы тіркеуді қамтамасыз етпеген қабылдаушы тұлғаларға қатысты 915 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, 519-бап бойынша 80 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру