Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да тәртіп сақшылары студенттермен кездесу өткізді

“Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша студенттермен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге университеттің профессор оқытушылар құрамы, студенттер және полиция қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында полиция қызметкерлері университеттің жаңадан қабылданған 1-курс студенттеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, есірткі заттарын қолданудың салдары, киберқауіпсіздік және интернет алаяқтықтарының түрлері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар студенттер назарына құқықтық тәрбиені насихаттайтын арнайы бейнероликтер ұсынылды. Тәртіп сақшылары жастарды еліміздің заңдарына құрметпен қарауға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануға шақырды. Олар нақты мысалдар келтіре отырып, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тұшымды жауап алды. Аталған іс-шара университет пен БҚО полиция департаменті арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру