БҚО-дағы түзеу мекемесінде наурыз мейрамына орай концерт ұйымдастырылды
БҚО-дағы түзеу мекемесінде наурыз мейрамына орай концерт ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша ҚАЖД қарасты РУ-170/2 қауіпсіздігі орташа мекемесінде наурыз мейрамына орай облыстық Жастар шығармашылық орталығы өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараға 100-ге жуық жазасын өтеуші қатысты.
– Ұлыс құтты болсын, ақ мол болсын, төрт түлік ақты болсын, – деп мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Әлібек Хайруллин ізгі тілегін келген қонақтарға және сотталғандарға білдірді.
Мерекелік концертте өнерпаздар өз өнерлерін сахнада паш етіп, сотталғандардың ықыласына бөленді. Іс-шараның мақсаты дәстүрлі ән мен жырды, күмбірлеген күйді насихаттау болды.
Ұйымдастырылған концертке сотталғандар дән риза болып, алғыстарын айтты.