БҚО-ның ПД қызметкерлері сауабы мол игі іске ұйытқы болды
БҚО ПД қызметкерлері сауабы мол игі іске ұйытқы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Жанашырлыққа - жан риза" демекші сауабы мол іске атсалысу - әр жанның азаматтық борышы. БҚО ПД, Орал қаласы Жедел басқару орталығы қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қасиетті Рамазан айына орай Жедел басқару орталығы жеке құрамымен әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері мен қажетті заттарды таратты.
Мұндағы мақсат - мұқтаж жандарға қол ұшын созып, мейлінше қолдау көрсету.
- БҚО ПД басшылығына және Орал қ.ПБ ЖБО жеке құрамына азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, қасиетті Рамазан айында келіп, көмек көрсеткендеріңізге рахмет, - деп көпбалалы ана Айгүл Хайруллина БҚО ПД басшылығына қасиетті Рамазан айында тарту еткен сыйы үшін өз алғысын білдірді