Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-ның ПД қызметкерлері сауабы мол игі іске ұйытқы болды

БҚО ПД қызметкерлері сауабы мол игі іске ұйытқы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жанашырлыққа – жан риза” демекші сауабы мол іске атсалысу – әр жанның азаматтық борышы. БҚО ПД, Орал қаласы Жедел басқару орталығы қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қасиетті Рамазан айына орай Жедел басқару орталығы жеке құрамымен әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері мен қажетті заттарды таратты.

Мұндағы мақсат – мұқтаж жандарға қол ұшын созып, мейлінше қолдау көрсету.

– БҚО ПД басшылығына және Орал қ.ПБ ЖБО жеке құрамына азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, қасиетті Рамазан айында келіп, көмек көрсеткендеріңізге рахмет, – деп көпбалалы ана Айгүл Хайруллина БҚО ПД басшылығына қасиетті Рамазан айында тарту еткен сыйы үшін өз алғысын білдірді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру