БҚО полицейлері құжаты жоқ әйелге көмектесті
Батыс Қазақстан облысында көші-қон полицейлері көптеген жыл бойы құжатсыз жүрген әйелге құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО ПД Тасқала аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің инспекторлары 1993 жылы ақпанда Шешенстандағы соғыста жарақат алып, Қазақстанға көшіп келген Людмила Садықоваға көмектесті.
Людмила Садықова ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмады. Өйткені Шешенстаннан растайтын құжаттар қажет болды. Полиция қызметкерлері азаматтығы жоқ адамның танылуына құжаттарды жинауға көмек көрсетті.
Көптеген жылдар бойы ол азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты бойынша өмір сүрді. Полиция жағдайды түсіністікпен қабылдады. Осыған байланысты Тасқала ауданының көші-қон қызметінің қызметкері Ғалым Әбілқайыров құжаттарды алуға көмек көрсетті. Жеке басын растау үшін қажетті өтініштер жіберілді.
Нәтижесінде арада 31 жыл өткен соң ол Қазақстан елінің азаматтығын және көптен күткен құжаттарын қолына алды.