Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД-да медициналық көмек көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті

Қызылорда облыстық ҚАЖД-да медициналық көмек көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ҚАЖ мекемелерінің медициналық ахуалы, сонымен қатар атқарылған қызметтері жайында департамент бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.

Бұл жиын Қызылорда облысы прокуратурасының үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Махмут Алмас, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаныл Исаевна, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Даурен Шәріпбаев және№3, №6 қалалық емхана бас дәрігерлерінің қатысуымен өтті.

Шараның басты мақсаты – 2024 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстары және жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайларына байланысты аурушаңдықтың алдын алу, өлім жағдайларын болдырмау. Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау тобының аға инспектор санитар дәрігері Меруерт Шаймбетова осы жылдың қаңтар айында өткізілген дөңгелек үстелдің оң нәтижелері мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша шолу жасады.        

Жиын барысында мекемелердің жанындағы медициналық бөлімдерге күндізгі стационарға рұқсат лицензиясын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және тоқсан сайын “Жылжымалы медициналық кешен”, ай сайын мекемелердегі сотталғандарды денсаулыққа шағымдары бойынша жеке қабылдаулар жүргізу қолға алынып жатқандығы атап өтілді. Сонымен қатар дәрігерлердің жазбасына сәйкес, бейінді мамандардың кеңестері мен қажеттілікке қарай инструменталды тексерулердің қолжетімділігін арттыру қажеттігі қорытындыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру