БҚО полицейлері ұрланған көліктерді иелеріне тауып берді
БҚО полицейлері ұрланған көліктерді иелеріне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Автомобиль» жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО, Бәйтерек ауданында 27 жастағы тұрғынға тиесілі Hyundai маркалы автокөлігін өзге біреу түңгі 23:00 шамасында айдап кеткен. Бұл туралы шағымданған 27 жастағы тұрғынның автокөлігін 19 жастағы азаматтың айдап кеткені анықталды.
Дәл осыған ұқсас жағдай қала орталығында орын алды. 13 тамыз күні Орал қаласының тұрғының автокөлігін ауласынын өзге біреу айдап кеткен. 26 жастағы тұрғын бұл туралы Орал қаласының ПБ-на шағым түсірді. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы азамат ұсталды. Келтірілген залал мөлшері 2 млн. теңгені құрады.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде