Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер үйлерінде той жасағандарды анықтады

Түркістан облысының полицейлері үйлерінде той жасаған екі тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде коронавирус індетінің көбейіп бара жатқанына байланысты Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда. Мәселен, Мақтаарал ауданы Гүлістан ауылының тұрғыны карантин талаптарын өрескел бұзып, өз үйінде той-думан өткізген. 50-ге жуық адамға қыз ұзату тойын жасаған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері келесі бір үйде 50 адам жиналып, өткізіліп жатқан беташар тойын анықтап, учаскелік полиция инспекторларымен тойға жиналған қауымға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тарқатылды.

Бүгінде белгіленген талапты сақтамай, адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ге жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру