Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкентте “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 18 тамызында Шымкент қаласының аумағында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлімше қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар тұратын қолайсыз отбасыларға, полиция органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға бару және тұрғын-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстары қамтылуда.

Сонымен қата мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқықтық көмек пен кеңес бере отырып, тұрғындар арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ішкі істер органдары қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру