Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда кафе алдында тұрғынды пышақтап кеткен ер адам ұсталды

Таразда кафе алдында тұрғынды пышақтап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында сағат 21:30 минут шамасында Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны Тараз қаласының кафелерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, сол кафеден шығып бара жатқан ер азаматқа, бұзақылық ниетпен тиісіп, жанжал шығарған. Нәтижесінде күдікті жәбірленушінің жүрегіне пышақпен шаншып кесілген дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.  

Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші Тараз қаласының ауруханасының жан-сақтау бөліміне түскен.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде күдікті “ізін суытпай” ұсталды.

Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабымен, яғни адам өлтіруге оқталумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде “күзетпен ұстау” қолданылып, тергеу судьясымен санкцияланды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру