БҚО полицейлері жоғалып кеткен ақтөбелік азаматты тапты
БҚО полицейлері Оралда жоғалып кеткен ақтөбелік азаматты табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауған соғысының ардагерлері Ақтөбе қаласынан Орал қаласына жолдастарымен көрісу үшін бірнеше адам болып келген. Көптен күткен кездесуді лайықты атап өту үшін олар үлкен коттеджге жиналған. Жолдастары кәуап жасап жатқанда ақтөбелік қонақтардың бірі коттедж аумағынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ер адам телефонсыз шыққандықтан, жолдастары оны өздері іздеп таба алмай, полицияның көмегіне жүгінді.
Іздестіруге Оралдың полицейлері қосылып, барлық жерге бағдарлар жіберді. Жоғалған ер адам теміржол вокзалынан табылды.
Қонақтар жергілікті полицейлерге іздеуде көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді.