Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтанда ұстады

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтанда ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Алматы” АПБ-ның қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, 2020 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғынын елордада ұстады.

Ол ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыс жасаған деп күдіктелуде. Ұсталған ер адамға қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі таңда ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру