Бурабай курорттық аймағында павлодарлықтан телефон ұрланды
Бурабай курорттық аймағында павлодарлықтан телефон ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 10 тамызында Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны ұрлық туралы өтінішпен жүгінді.
Әйел курорттық аймақтың барларының бірінде оның Iphone маркалы телефоны ұрланғанын хабарлады. Күдіктінің жеке басын анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнын қарап шықты, куәлардан жауап алды және мекемеде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 62 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Заттай дәлелдемелер алынып, иесіне қолхатпен қайтарылды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері өңір аумағында ұялы телефондарды ұрлаудың 187 фактісі ашылды.