Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтты

СҚО полицейлері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазда балаларға қандай қауіп төнетінін, жасөспірімдерде қай жаста ең қауіпті кезең, байланыс және “сенім телефоны” – осылар жайлы жергілікті полиция қызметкерлері Instagram мен Facebook-те өткен онлайн брифинг барысында тоқтала кетті.

Полицейлер 5 тамыздан бастап СҚО-да “Балалар профилактикасы және бақылау” акциясы өтіп жатқандығын еске салды. Міндеті – балалардың тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, су қоймаларындағы жазатайым оқиғаның, терезеден құлаудың алдын алу. Кешенді жұмыс ұйымдастырылды: тек облыс орталығында 80 аса учаскелік инспектор мен ювеналдық полицейлер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары тұрмысы төмен және есепте тұрған отбасыларды аралайды, көп қабатты үйлердің аулаларында балалармен әңгіме жүргізеді, жеке меншік үйлерді аула бойы тексереді. Негізгі мақсат – проблемалары жайлы білу және жасөспірімдерге көшедегі мінез-құлық қағидаларын үйрету.

Желі қоланушылардың сұрағына жауап бере отыра, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах жасөспірімдерде 14 пен 18 жасқа дейінгі аралық нағыз “тыйышсыз” кезең екендігіне тоқталды. Атап айтқанда, осы жастағылар көп әуреге салады: үйден кетіп қалады, төбелеседі және келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Александр Розбах кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар үнемі байланыста: полицейлердің байланыс телефондары мектептердің әкімшіліктерінде, сынып жетекшілерінде бар, мессенджерлердегі ата-аналардың чаттарында бар екендігін атап өтті. Сондай-ақ қолданушыларға мәлімет ретінде “сенім телефоны” нөмірі: 61-25-01, сонымен қатар бейінді бөлініс бастығы орынбасарының нөмірі айтылды.

Акция басынан облыс полицейлері тұрғылықты мекенжайлары бойынша 2 170 астам есепте тұрған адамды, оның ішінде 378 тұрмыс төмен отбасыны тексерді. Есепте тұрған адамдардың тарапынан жасалған 24 бұзушылық анықталды. 50 заңды өкіл әкімшілік жауаптылыққа тартылды. “Балалар профилактикасы және бақылау” акциясы 13 тамызда өз мәресіне жетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру