Бурабай тұрғындары ұрлықтың бетін ашқан полицейлерге алғыс білдірді
Бурабай ауданының тұрғындары ұрлықтың бетін ашқан полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бурабай аудандық полиция бөлімінде министрдің орынбасары Ержан Сәденов азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында түскен әрбір өтініш бақылауға алынды.
ІІМ-нің орынбасарына Златополье тұрғындары ауыл арасында резонанс тудырған қылмыстың бетін ашқан аудандық бөлімнің криминалдық полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
29 және 30 сәуірде Златополье ауылындағы православие зиратының аумағында белгісіз адамдар шойын қоршауларды ұрлаған. Инна Шрайнер мен Оксана Казначеваның айтуынша, төрт күн ішінде жедел қызметкерлердің сауатты іс-әрекеттерінің арқасында 9 ауыл тұрғынының бейітін бүлдірген қаскүнемдердің жеке басы анықталған.
– Өтініш берген сәттен бастап полиция қызметкерлері бізбен байланыста болды, өткізілетін іс-шаралардың барысы туралы хабардар етті. Бейнебақылау камералары арқылы қоршауларды салып әкеткен көлік табылды, – дейді ауыл тұрғыны.
Щучинск қаласының 29 және 39 жастағы екі тұрғыны осы қылмысты жасады деп күдіктелуде. Қаскүнемдер шойын қоршауларды металл қабылдау пунктіне тапсырған. Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы үшін министрдің орынбасары оларға өз рақметін айтты.