Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде сотталған ерлі-зайыпты Skype арқылы сөйлесті

Семейде сотталған ерлі-зайыпты Skype арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы ОВ-156/15 мекемесі психологиялық қамтамасыз ету тобының психологтары сотталғандардың әлеуметтік пайдалы қарым-қатынасын сақтап қалу мақсатында темір тордың арғы жағында жазаларын өтеп жатқан ерлі-зайыптыларды Skype арқылы байланыстырады.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты режимі екі түрлі мекемеде жазасын өтеуші ерлі-зайыптылар 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту қылмысы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотталғандар туыстарымен үнемі байланысып тұрады. Алайда сот үкімінен кейін ерлі-зайыптылар уақыт өте келе ғана бір-бірін көре алды.

– Жаза өтеушінің әлеуметтік қалыптасуының негізі – әлеуметтік қарым-қатынасты сақтап қалу. Отбасынан ажырау сотталғандарға кері әсер ететін негізгі фактор болып саналады. Осындай байланыстар сотталғандардың қылмыстық іс-әрекеттерінің қайталанбауына әсер етеді деп есептеймін, – деп қорытындылады аға инспектор-психолог Құралай Иксанова.

Сотталған мекеме әкімшілігіне өз ризашылығын білдіріп, әйелін көргеніне өте қуанышты екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру