Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есептегі сотталған түрмеге қамалды

ШҚО-да есептегі сотталған түрмеге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 жастағы жас жігіт бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру түріне алмастырды.

Ер адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлағаны үшін үш жылға сотталды. Пробациялық бақылауда болған есептегі азамат қоғамдық орындарда тиіскені үшін, алкогольдік ішімдіктер ішкені және тыныштықты бұзғаны үшін 4 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Пробация қызметкерлері тарапынан оған бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы бірнеше ескертулер берілген, алайда есепте тұрған жас жігіт ескертулерге құлақ аспай, қоғамдық орынды ластап, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

– Есепке қою кезінде оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері мен шарттары, оның құқықтары мен міндеттері бірнеше рет түсіндірілді. Осыған қарамастан, сотталған адам жазаны өтеудің барлық ережелері мен шарттарын елемеген. Тиісінше оған жетекшілік ететін инспектор бас бостандығынан айыруға жаза түрін ауыстыру мәселесін қарау туралы сотқа ұсыныс жіберді. Сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта сотталған уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Солжағалау пробация қызметінің инспектор-психологі Мөлдір Кабибиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру