Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстанда ҚАЖД-ның жас қызметкерлері ант қабылдады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерге қызметке қабылданған жас қызметкерлер Конституция күніне орай салтанатты түрде ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жаңадан тағайындалған 10-ға жуық қызметкер Отаны мен халқына адал қызмет етуге серт берді.

Ант қабылдау рәсімі ШҚО бойынша ҚАЖД ғимаратының алдында орналасқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың монументінің алдында департамент қызметкерлерінің және ҚАЖ ардагерлерінің қатысуымен өтті.

Сонымен қатар, ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқаратындықтарына сеніммен қарап, халық алдында аянбай қызмет етуге өз тілегін білдірді. Ант қабылдау рәсімінде шақырылған ҚАЖ ардагерлері де жаңа қабылданып отырған қызметкерлерді құттықтап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру