Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда ІІО ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жетісайда 30 тамыз – Конституция күні мерекесіне орай ішкі істер органдарының ардагерлері төсбелгімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков мәжіліс залында 30 тамыз – Конституция күні мерекесіне орай марапаттау рәсімін өткізді. Жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған ардагерлер арнайы төсбелгімен марапатталды.

Жеке құрам қызметкерлері марапаттау рәсіміне ішкі істер органдарының 17 ардагерін арнайы шақырып, құрмет көрсетті. Яғни, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Жиын барысында ардагерлер өздерінің қызметтік жолдарындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жұмыс кезінде кездескен қиындықтар мен қызықты оқиғаларын ортаға салды. Және жас тәртіп сақшыларына ақыл-кеңестерін айтты. Шара соңында жиынға қатысқандар естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру