Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізуде

СҚО-да полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

26 тамызда СҚО облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде.

Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын апасының қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты.

Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады. Тәртіп сақшылары жас балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды, ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салады. Жас балалары бар отбасылар жазатайым оқиғаға жол бермеу үшін терезеге бұғаттау құрылғыларын орнату туралы ойлауы керек. Сонымен қатар, баланың терезе алды тақтайына шықпауы үшін орындықтар мен басқа да заттарды терезенің маңынан алған жөн. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру