Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында М.Есболатов аудиториясы ашылды

Алматы академиясында М.Есболатов аудиториясы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет қайраткері, КСРО және Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Мақан Есболатов атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті.

Аудиторияның лентасын академия басшысы Айдар Сайтбеков пен генералдың қызы отставкадағы полковник Раушан Мақанқызы Есболатова қиды. Салтанатты жиында Генералдар кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, естеліктермен бөлісті.

Жиналғандар Мақан Есболатовтың өмір жолы мен кіші лейтенаттан милиция генерал-майорына дейінгі және қатардағы қызметкерден Қазақ КСР Ішкі істер министріне дейінгі еңбек жолын баяндайтын стендтермен танысты. Сондай-ақ, аудиториядан генерал-майор М.Есболатовтың жеке заттары мен мемлекеттік және ведомстволық наградалары да орын алды.

М.Есболатов ішкі істер органдарының беделін арттыруға зор үлес қосқан тұлға. Ол министр болып тұрған кезде Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінді, ІІМ ақпараттық-есептеу орталығы салынды, Алматыда алғаш рет ЭЕМ қолданумен көше қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді және облыстық Ішкі істер басқармаларында штабтар, алдын алу қызметтері мен кезекші бөлімдер құрылды.

Бүкіл республика бойынша қоғамдық тәртіптің тірек пункттері, ерікті халық жасақтары, жедел отрядтар ұйымдастырылды.М.Е. Есболатов КСРО ІІМ Алматы арнайы милиция орта мектебін (қазіргі академия) 12 жыл басқарып, оқу-материалдық базасын қайта жаңартты. Оның басшылығымен жаңа оқу корпусы, жатақхана, акт залы және асхана салынды, жылыжай шаруашылығы құрылды. Осының барлығы 1991 жылдың шілдесінде орта оқу орнын ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебі етіп қайта құруға мүмкіндік берді, оның бірінші бастығы болып М. Е. Есболатов тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру